Жылжымалы кешен аула аралап жүр

 Вакцина алу қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Мұғалжар аудандық ауруханасының жылжымалы кешені Қандыағаш қаласындағы көп қабатты тұрғын үй аулаларында жұмыс жүргізуде. Қауіпті вирустан қорғанудың бірден-бір жолы — вакцина алу. Кез келген тұрғын дәрігер тексеруінен өтіп, иммундау шарасына қатыса алады. Денсаулығына алаңдаған адамдар екпе алуда. Ж.АБАЙҰЛЫ, Мұғалжар ауданы.